«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сыр бөбегі» бөбекжай бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сыр бөбегі» бөбекжай бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2012 жылдан бастап жұмыс атқарады. Бөбекжай бақша Қызылорда қаласының Саяхат м/а, А. Айдосов көшесі 34 құрылыста орналасқан.
Ғимарат көлемі екі қабатты, онда 12 топ, 280 бала тәрбиеленуде. Бөбекжай бақшада акт залы, спорт залы, «Интеллектум», «IT LAB», «Роботехника», «Шахмат», «Логопед», «Сoworking kids», «Релаксация» қабинеттері жабдықталған.
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының жүзеге асырылуын қолдау және экологиялық білім беруді дамыту, тәрбиеленушілердің жаратылыстану сауаттылығын жоғарылату мақсатында «Сыр бөбегі» бөбекжай –бақшасы Қызылорда облысының білім басқармасының 02.09.2022 жылғы №150-нқ/1 бұйрығына сәйкес, «Жасыл балабақша» пилоттық жобасына енгізіліп, «тірек білім беру ұйымы» ретінде бекітілді.Тәрбиеленушілерге 7 бағыт бойынша экологиялық тәрбие беріледі, оның ішінде: өсімдіктерді күтіп – баптау; жарық және су көздерін үнемдеу; табиғатты ластамау, қалдық заттарды сұрыптау; балалардың жасаған жұмысын жарнамалау; дұрыс тамақтануға тәрбиелеу; салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын жетілдіру.
Соған сәйкес «Сыр бөбегі» бөбекжай бақшасында арнайы жылыжай жабдықталып, іске қосылған. Жылыжайда тәрбиеленушілер көкөністердің тұқымнан бастап жеміс берген кезенге дейінгі процессін бақылайды, күтіп-баптайды, еңбектенеді. Зерттеу іс – әрекетімен айналысады. Нәтижесінде табиғи өнімді жинап, ас мәзірінде қолданады.
19.04.2022 ж №5 аймақтық әдістемелік бірлестік қалалық семинар «Интеллектуалдық ойын құралдары арқылы танымдық қабілетін дамыту»
19.05.2022 ж Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың сапалы білім алу мен оқу-тәрбие процесінде тәрбие үрдісін отбасымен серіктестікте күшейту»
27.05.2022 ж облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен семинар «Жазғы сауықтыру-шынықтыру жұмыстарын ұйымдастыру ерекешеліктері»
06.06.2022ж. Қызылорда Облыстық Оқу Орталығының ұсынысымен "Жасыл бөбекжай бақша" жобасы аясында тәжірибе алмасу мақсатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Құрманбаев Рахат Хамитович және Әли Мүсілімов атындағы 101 жасыл мектеп директоры Айгүл Алтынбекқызы бөбекжай бақшамызда қонақта болды. «Жасыл бөбекжай бақша» жобасына байланысты ұсыныс - пікірлер айтылып, «ЭКО LAB» зертханасының таныстырылымы болды және алдағы уақытта бірлесе атқарылатын жұмыстар талқыланды.
12.10.2022 ж «Өрлеу» біліктілік арттыру институт тындаушыларына арналған "Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту"
13.10.2022 ж. Қызылорда облысы білім басқармасы басшысының 02 қыркүйек 2022 ж. 150 бұйрығына сәйкес “Жасыл балабақша” жобасы облыс көлемінде “Сыр бөбегі” бөбекжай бақшасында пилоттық жоба ретінде өндіріліп, қазіргі таңда жоба облыс, республика көлемінде танылуда. Осы жоба аясында түрлі форматтағы шаралар, кездесулер өткізілуде. Кеше бөбекжай бақшамызда осы жоба бойынша бізге жетекшілік жасайтын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Құрманбаев Рахат Хамитович және “Жасыл мектеп” № 101 мектеп директоры Айгүл Алтынбекқызы тәжірибе алмасу мақсатында кездесу болды.
05.11.2022 ж. Бөбекжай бақшамыздың кішкентай зерттеушілері облысымыздағы «Жасыл мектеп» жобасы аясында тірек білім беру ордасы, Ә.Мүсілімұлы атындағы №101мектепте достық сапармен қонақта болды. Бұл сапар жаңа жоба аясында ұйымдастырылып мектеп жылыжайының жаңа өсімдіктерімен танысты.
02.12.2022 ж. Балаларды ерте дамыту институты Еуразия ұлттық университетінің Педагогика және психология кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Сайра Нағашыбайқызы Жиенбаеваның 60 жылдығына арналған «БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ДАМУ ВЕКТОРЛАРЫ» Республикалық ғылыми-әдістемелік семинары аясында мектепке дейінгі ұйымдары балаларды дамыту мен тәрбиелеуді ойын арқылы ұйымдастыру бойынша Еліміздің мектепке дейінгі сала ғалымдарымен “Мектепке дейінгі тәрбие” мамандығы студенттері және республиканың мектепке дейінгі сала мамандарына шеберлік сыныптарын ұйымдастырды. Есқали Зағи Алмағамбетқызы – «Сыр бөбегі» бөбекжай-бақша меңгерушісі, Чинходжаева Нуркайым Абдильвахабовна - «Сыр бөбегі» бөбекжай-бақша әдіскері студенттерді «Жасыл балабақша» жобасының аясында ойын әрекетіне қатыстыра отырып өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. ҚР ОҚУ - АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ "БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ" ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ және СЕРТИФИКАТ Есқали Зағи Алмағамбетқызы, ГРАМОТА, СЕРТИФИКАТ Чинходжаева Нуркайым Абдильвахабовна марапатталды. Шараға қатысушылар ойын әрекетін ұйымдастыру бойынша мектепке дейінгі ұйым менңгерушілері мен мамандарының кәсіби шеберліктеріне жоғары баға берді.
13.04.2023 ж облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен ҚР ОАМ Балаларды ерте дамыту институты РММ тындаушыларына арналған Ашық есік күні
18.04.2023ж №5 аймақтық әдістемелік бірлестік қалалық семинар «Балалардың қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын дамыту»
24.05.2023ж Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту» институтының жылдық жоспарына сәйкес, қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту, қарапайым экологиялық ұғымдарды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Мен зерттеушімін» республикалық байқауында «Сыр бөбегі» бөбекжай-бақшасы «Бас жүлде» иеленді.
24.08. - 25.08.2023 ж Республикалық Тамыз маслихаты «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ» Стратегиялық міндеттер мен ұлттық құндылықтар - мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасына жаңа бағыт «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің табысты бағыттарының панорамасы» «Сыр бөбегі» бөбекжай- бақшасына экскурсия.
20.09.2023 ж. «Сыр бөбегі» бөбекжай бақшасында “Өрлеу”біліктілікті арттыру ұлттық орталығы”АҚ филиалының Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушілеріне арналған білілктілік арттыру курсына қатысушыларға “Ойын арқылы балаларды жан жақты дамыту” тақырыбындағы көшпелі практикалық семинар ұйымдастырылды. Тындаушыларға «Жасыл балабақша» пилоттық жобасының 7 бағыт бойынша жүргізілген жұмысымен таныстырып өтті. Сонымен қатар қатысушыларға "Метеоаялдама» орталығында бүлдіршіндердің ауа райын зерттеу әрекеттерін, «Автоқөліктер қалашығында» балалардың шығармашылықтарын тамашалады. Көшпелі ойын іс-әрекетке облысымыздың 30 шақты қатысып, алған әсерлерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.
13.07.2023ж. Қызылорда облысы білім беру жүйесінің жетістіктері, облыс көлемінде білім беру саласын дамыту бағытындағы пилоттық жобаларға қатысты тәжірибе алмасу мақсатында қаламыздағы «Жасыл мектеп» тірек білім беру ордасы Ә. Мүсілімұлы атындағы 101 мектеп-лицей базасында РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР өткізілді. «СЫР БӨБЕГІ» бөбекжай бақшасы да семинарға өз үлесін қосты . Бөбекжай бақша әдіскері Н. Чинходжаева «Жасыл балабақша» пилоттық жобасына қатысты баяндама ұсынды. Абай облысы, Жамбыл облысы, Ұлытау облысы, Маңғыстау облысы, Түркістан облысы, Алматы қаласы және облысынан келген қонақтарымыз «Жасыл балабақша» жобасының жұмыстарымен танысу мақсатында балабақшамызда қонақта болып, жұмысымызға оң бағаларын беріп кетті.
11.10.2023 ж. Беларусь Республикасы делегациясының Минск қаласы педагог қызметкерлерімен «Сыр бөбегі» бөбекжай- бақшасы «Жасыл балабақша» тірек білім беру ұйымы тәжірибе алаңынында Халықаралық кездесу
29.11.2023 ж. М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде "Стратегиялық міндеттер мен ұлттық құндылықтар - мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасына жаңа бағыт" VII Республикалық педагогикалық оқу өткізілді. "Сыр бөбегі" бөбекжай бақшасы меңгерушісі Есқали Зағи Алмағамбетқызы Ұлттық құндылықтарды қалыптастыра отырып баланың дамуына ықпал ететін ата-аналар жұмысына жаңа форматтары атты 2 секция отырысында "Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық бағыттағы қолайлы даму ортасын қалыптастыру" тақырыбында бөбекжай бақшаның іс-тәжірибесімен бөлісті. "Мектепке дейінгі білім берудегі жаңа трендтер мен инновациялар" көрмесінде бөбекжай бақша әдіскері Чинходжаева Нуркайым «Жасыл балабақша» пилоттық жоба бойынша арнайы ұйымдастырылған көрмемен таныстырды.








