Бүгін бақшамызда Еңбек күніне орай тәрбиеленушілеріміз еңбек түрлерімен шұғылданды. Атап айтсақ, тәрбиеленушілер ұсақ заттарды (дәндерді) сұрыптады, өздері ойнаған ойын алаңын ретке келтірді, шаң сүртіп, жеңіл тазалау жұмыстарын жүргізіп, өзі өзіне қызмет жасады. Біздің бақшаның балалары «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей» деген сөздің мағынасын жақсы біледі.