Тохетова Лаура Ануаровна «Жасыл балабақшада» қонақта!

Бүгін бөбекжай-бақшамызда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Аграрлық технологиялар» білім беру бағдарламасының профессор-зерттеуші, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық аграрлық ғылым академиясының академигі Тохетова Лаура Ануаровна қонақта болды. Лаура Ануаровна «Жасыл балабақша» авторлық бағдарламасына рецензия жазған тұлға ретінде аталмыш бағдарламаның іске асырылуына ғылыми көмек көрсету мақсатында ішкі ахуалмен танысты. Экологиялық тәрбие беру бағытында педагогтармен сұхбат жүргізіп, тәрбиеленушілермен тікелей байланыста болды.

#Жасыл_балабақша
#Ғылыми_тәжірибелік_кездесу