1.jpg
2.jpg
3.jpg
5.jpg
previous arrow
next arrow

«Жасыл балабақша»

7 бағыты

Біз туралы

«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Сыр бөбегі» бөбекжай бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің  «Сыр бөбегі» бөбекжай  бақшасы» коммуналдық  мемлекеттік қазыналық  кәсіпорны 2012 жылдан бастап жұмыс атқарады. Бөбекжай бақша Қызылорда қаласының Саяхат м/а, А. Айдосов көшесі 34 құрылыста орналасқан.

Ғимарат көлемі екі қабатты, онда 12 топ, 280 бала тәрбиеленуде. Бөбекжай  бақшада  акт залы, спорт залы,  «Интеллектум», «IT LAB», «Роботехника», «Шахмат», «Логопед», «Сoworking kids»,  «Релаксация»  қабинеттері жабдықталған.

«Жасыл  Қазақстан» ұлттық жобасының жүзеге асырылуын қолдау және  экологиялық білім беруді дамыту, тәрбиеленушілердің жаратылыстану сауаттылығын  жоғарылату мақсатында «Сыр бөбегі» бөбекжай –бақшасы Қызылорда облысының білім басқармасының 02.09.2022 жылғы №150-нқ/1 бұйрығына сәйкес,  «Жасыл балабақша» пилоттық жобасына енгізіліп,  «тірек білім беру ұйымы» ретінде бекітілді.Тәрбиеленушілерге 7 бағыт бойынша  экологиялық тәрбие беріледі, оның ішінде: өсімдіктерді күтіп – баптау; жарық және су көздерін үнемдеу; табиғатты ластамау, қалдық заттарды сұрыптау; балалардың жасаған жұмысын жарнамалау; дұрыс тамақтануға тәрбиелеу; салауатты  өмір салтын ұстану дағдыларын жетілдіру.

Толығырақ

Пайдалы ресурстар